Ал кім де кім өзінің иудейлігінде не христиандығында
қалғысы келсе, бұған ешкім қол сұқпайды»
63
.
Мұсылмандар мен өзге дін өкілдерінің еркін
сұхбаттасып, ғылыми мәселелерді еш қысылмай
ортақ талқыға сала білгені де толеранттылықтың бір
нәтижесі деуге болады. Мұсылмандардың қарамағында
тұрған уақыттарында ешқашан христиандардың сөз
бостандығы шектелмеген. Антакия яковиттік патриар-
хы Жан І мен Ислам әскері қолбасшысының, Мысыр
яковиттік патриархы Бенжаминнің Амр ибн әл-Аспен,
Несториандық бір поптың бір мұсылманмен пікірталас
жүргізгені әрі оны жазып қалдырғаны туралы дерек-
тер бар
64
.
Христиан теологтарының бірі Иоанн Дамаскин мен
оның ізбасары исламды сынға алған пікірлер алға тар-
та тұра мұсылмандар оларға түсіністікпен қарап, тиісті
жауаптарын қайырған
65
, бұған қоса Несториандық па-
триарх Тимасавустың халифа әл-Махдимен жүргізген
сұқбаттары, әл-Мамунның ордасында жүрген түрлі дін
өкілдері мен ағымдардың талас-тартыстары да тарихи
деректер арасынан табылуда
66
.
Жоғарыда келтірілген деректермен қатар алғашқы
бес ғасырда өмір сүрген мемлекеттерде христиандар
ауыл басшысы, жазарман, дәрігер, (жизия салығымен
босатылса да) мұсылман қолының қатарында әскер,
арнайы уәкіл, полиция басшысы секілді әртүрлі мін-
деттерді атқарған. Бұдан басқа да әкім, Ніл өзенінің
өлшеуші мүдірі, тіпті зекет қызметкері секілді міндет-
терді де атқарған
67
.
63
Ибн Хишам, әс-Сира, ІІ, 586.
64
Давуд А. Тарих боюнжа динлерарасы диалог, Ышык
йайынлары, 2005. Б. 145. 365 Б.
65
Сонда. 145 б.
66
Сонда. 145 б.
67
Сонда. 145 б.
38
Діни толеранттылық және әлемдік діндер