Previous Page  3 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 60 Next Page
Page Background

q

q

3

Мәзһаб ұстанбай-ақ қойсақ бола ма?

Оның қандай қажеттілігі бар?

Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны

білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер

арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер

мен көзқарастар жиынтығына «мәзһаб» делінеді.

Мәзһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір

кісілер халық арасында:

«Сен Пайғамбардың (с.а.у.)

сүннетімен жүресің бе, жоқ әлде Ханафи мәзһабын

ұстанасың ба?»

дегендей сөздерімен Ханафи

мәзһабын ислам дінінен бөлек етіп көрсетуге ты-

рысуда. Әрине, мұндай сөздердің астарында мәзһаб

ұстанушылардың адасқандығы меңзелгендіктен, ел

арасында діни дүрдараздық пен бүлікке себеп болу-

да.

Ханафи мәзһабы Пайғамбар (с.а.у.) жолынан

бөлек, жеке басына дара жол емес. Мұхаммед Ғазали:

«Мәзһабтар – Исламның теңдессіз мәдениеті һәм

тіректері»

десе, Ибн Тәймия:

«Ислам мәзһабтары

– жұмаққа жетелер жолдар»

1

деп, мәзһабтардың

исламды түсіндіруші мектептер екенін білдірген.

Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табыла-

тын Құран және хадистің әрбір сөзінің тілдік негізгі

бірнеше мағыналарымен қатар ауыспалымағыналары

да бар. Тіпті, кейде аят пен хадистердің бір әрпінің

өзі бірнеше мағынаны білдіреді.

1

Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 13-бет.

«Елест»

баспасы,

Стамбул, 2004 ж.