Previous Page  5 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 60 Next Page
Page Background

q

q

5

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

келгендіктен, мәсіх тартудың құралы саналатын

алақанның басқа тиюі мәсіх ету болып саналады деп

пәтуа берген. Алақанның аясы бастың төрттен бірі

болғандықтан, бастың осы мөлшерін мәсіх етуді па-

рыз санаған.

Жоғарыдағы

«Би»

әрпінен байқағанымыздай,

Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті, бір әрпі

көптегенүкімдергенегізболаалады.Сондықтан,араб

тілін жетік меңгермеген адамның бұл мәзһабтардың

ешбірін ұстанбай-ақ өздігімен ижтиһад жасаймын

деуі үлкен қателік.

Аяттардың түсу себептері, кейбір себептерге байла-

нысты хадистердің, бір қарағанда, бір-біріне қарама-

қайшы сияқты көрінетін жерлері де кездеседі. Және

хадистердің

«сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи»,

«хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз»,

«жалған», «мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб»

сияқты қуаттылық жағынан үкім шығаруда үлкен

әсерлі дәрежелері бар. Бұларды кез-келген қарапайым

адам тереңнен талдап, ара-жігін ажыратып, шариғи

үкім шығара алмайды. Алла тағаланың өзі барлық

мұсылмандарды мұндай ауыр жүкпен міндеттемейді.

Керісінше, Құранда:

«Білмесеңдер, білім иелерінен

сұраңдар»

2

,– деп, білім иелеріне жүгінуді жүктеген.

Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) бақилық

болғаннан кейін сахабалар мен табиғиндардың Хи-

жаз аймағындағылары Абдуллаһ ибн Омардан, ал

Куфадағылары Абдуллаһ ибн Мәсғуд сынды ғалым

сахабалардан пәтуа сұрап, солардың айтқан үкімдерін

негізге алып амал еткен болатын.

Ендеше, ана тілдері арабша әрі Мұхаммед (с.а.у.)

пайғамбарды көздері көрген сахабалардың және са-

2

«Нахл»

сүресі, 43-аят.