q
q
9
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
үшін көтерер болса, оны жүзіне сипамастан
түсірмейтін еді»
4
Сондай-ақ, Ибн Аббастан риуа-
ят етілген хадисте:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла
тағаладан тілеген кезде алақандарыңның сырты-
мен емес, ішімен тілеңдер және алақандарыңды
жүздеріңе сипаңдар»
5
, – делінген.
Жоғарыдағы келтірген хадистердің барлығының
дәрежесі әр хадисті жеке алғанда
«әлсіз»
. Бірақ әлсіз
хадис басқа да риуаяттармен келер болса, бірін-бірі
қуаттағандықтан, хадистердің жалпы топтамасы «ха-
сан» дәрежесіне жетеді. Ал
«хасан»
дәрежесіндегі ха-
диспен амал етуге әбден болады. Бұған қоса, Әбу Ха-
нифа және басқа да көптеген фиқһ ғалымдары белгілі
шарттарды негізге ала отырып сенімді кісілердің
риуаят еткен «мұрсал» дәрежесіндегі хадистерді де
дәлелге қабылдайды.
Екіншіден, хадистердің сахих, әлсіз секілді
дәрежелерінің белгілі болуы үкім шығару үшін
жеткіліксіз. Себебі, хадистердің қайсысының
үкімінің жалғасып, қайсысының мәнсұх болғанын
білмек керек. Сондай-ақ қайсысының қандай
жағдайда айтылғанынбілу үшінмыңдағанхадистерді
толық оқып, ондағы нәзік мағыналарды бір-бірімен
салыстырып бүтіндей білу қажет. Ал, мұның бәрін
базарда саудада тұрған яки көлік жүргізіп жүрген
қарапайым мұсылмандарды былай қойғанда, арнайы
бес-алты жыл діни ілім алып шыққан маман да біле
бермейді. Мысалы, хадис кітабынан сахих хадис
көрсем болды, сонымен амал ете беремін дейтіндерге:
4
әт-Тирмизи, 3308. Қосымша қараңыз: әл-Мустадрак алас-сахихайн
лил-Хаким, 1923. Муснад Абд ибн Хамид, 40. әл-Муғжамул-әусат лит-
Табарани, 7252.
5
Әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1924. Және қосымша қараңыз:
Әбу Дәәуід, Бабуд-Дуға. Муснад Абд ибн Хамид, 717.