Previous Page  15 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 60 Next Page
Page Background

q

q

15

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

танылған адам болмаса, ондай кісінің риуаят еткен

хадисі – сол мәселеге байланысты фиқһ ілімінде одан

да тереңірек басқа бір адамның риуаят еткен хадисіне

қайшы келмеуі керек.

Демек, Ханафи мәзһабында ахад жолмен жеткен

сахих хадис діндегі жалпы ережеге және басқа сахих

хадиске қайшы келген жағдайда, хадисті риуаят ет-

кен кісілердің фиқһ ілімін меңгеріп-меңгермегендігі,

пәтуа берумен шұғылданып-шұғылданбағандығы

ескеріледі. Егер хадисті жеткізген кісілер фақиһ бол-

маса, яғни, хадистердегі сөздердіңшариғимағынасын

терең түсінетін болмаса, ондай кісілер риуаят еткен

хадисі – басқа сахих хадистермен қайшылыққа түскен

жағдайда негізге алынбайды. Себебі, хадистерді

сөзбе-сөз емес, мағынасы бойынша риуаят ету жиі

болғандықтан, хадис сөздерінің шариғи мағынасын

жетік түсінбеген адам Пайғамбарымыз (с.а.у.)

қолданған сөздің дәл мағынасын білдіретін сөзді

таңдап қолданбауы ықтимал. Ал бір сөздің, тіпті, бір

әріптің өзі дұрыс таңдалмаған жағдайда, көптеген

үкімдерге әсер етуі мүмкін. Сондықтан сахих хади-

стер арасында қайшылық туған жағдайда, сөздердің

мағынасын жақсы түсінетін фақиһ рауилердің ри-

уаяттары негізге алынады. Ханафи мәзһабындағы

осы ұстанымға байланысты Әбу Ханифа мен әл-

Әузағидың арасында болған мына бір қызық оқиғаны

бере кетейік:

Суфиян ибн Ъуиайна риуат етті:

«Әбу Ханифа

мен Әл-Әузағи Мекке қаласында Дарул-хаййатинде

кездесті.

Әл-Әузағи Әбу Ханифаға:

– Сендер, рүкүғқа бара жатқанда және одан

қайтқанда қолдарыңды неліктен көтермейсіңдер?,

– деді.