Previous Page  19 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 60 Next Page
Page Background

q

q

19

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Имам Шафиғидың, енді бірінде Имам Мәликтің,

тағы бірінде Имам Ахметтің көзқарастарын

таңдаған. Бірақ мұның бәрі Ханафи мәзһабына жата-

ды. Өйткені бұл мәселелер таңдалған уақытта Әбу

Ханифаның үкім шығаруда қолданған негіздері бой-

ынша жүзеге асты. Қазір енді

«әлхамдулиллаһ»

біздің

мәзһабымызда қияс жолымен берілген ешбір үкім

Пайғамбарымыздың хадисіне қайшы емес. Кейбірі

қайшы болғанымен, ол үкімімізді қуаттайтын басқа

хадиске сүйенеміз. Немесе берілген үкім хадиске

сырттай қайшы болғанымен, ол хадисті басқаша жо-

рамалдаймыз. Барлық мәзһаб имамдары мен олардың

шәкірттері осылай жасаған»

13

.

Бір мәселеде түрлі пікірлердің болуының

қандай пайдасы бар?

Ислам діні – белгілі бір уақытқа ғана емес, қияметке

дейін жалғасатын жүйе һәм нақтылы бір қауымға

ғана емес, жер бетіндегі барша адамзатқа жіберілген

ақырғы дін. Ал мұндай діннің еш өзгермейтін негізгі

(кулли) ата заңдарының жанында кейбір тармақ

мәселелеріадамзаттыңой-өрісініңжетілуі,заманының

жылжуы, шарттар мен жағдаяттардың әрқилы болуы-

на байланысты өзгеру мүмкіншілігіне ие боп келеді.

Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Үмбетімнің

(кейбір мәселелерде) әртүрлі көзқараста болуы –

рақымдылық»

деген. Себебі, адам мен заман, қоғам

мен ахуалдың түрлі болуы – тармақ мәселелерде

біргейлікті қабылдай бермейді. Міне, сондықтан

мәзһаб ғұламалары діннің ата заңдары шеңберінде

қоғамның менталитеті мен жағдаятын ескере отырып,

13

Зафар Ахмад әл-Ъусмани әт-Таһанауи, Қауағиду фи ъулумул-хадис, 455-

456-бет.

«Дәрус-сәлам»

баспасы, Каир қаласы, 2000ж.