Previous Page  22 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 60 Next Page
Page Background

q

22

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

болады.

Тура тапқанға – екі, қателескенге

бір сауап

Негізінде, Ислами мәселелер

«Муттафақун

а`лайһ», «Мухтәлафун фиһ»

деп екіге бөлінеді.

Біріншісі – нақты, бұлтартпас дәлелдермен

дәлелденген барлық Ислам ғұламаларының бір

көзқарастағы мәселелері. Мысалы, Алланың

жалғыздығында, соңғы пайғамбардың Мұхаммед

(с.а.у.) екендігінде, намаздың бес уақыттығында,

зекеттің парыз екендігінде т.б. осы сияқты

мәселелерде жалпы мұсылмандар арасында еш талас-

тартыс жоқ. Мұсылмандардың бір көзқараста болған

осындай мәселелеріне қарсы шыққан адамға:

«Сенікі

дұрыс емес, сен адасудасың»

,– деп айта аламыз. Бірақ

«Мухтәлафун фиһ»

, яғни мұсылмандардың әу бастан

әр түрлі көзқараста болған тармақ мәселелерінде

белгілі бір көзқарасты таңдаған адам басқа бір

көзқарастағы адамға:

«Сендердікі дұрыс емес, тек

қана біздікі дұрыс, біздің жол – ақиқат жолы, сен-

дер, адасып жүрсіңдер»

,– деп айта алмайды.

«Менің

таңдағаным, меніңше, дұрысырақ»

, – деп қана айта

алады. Өйткені барлық мәзһабтың өзіндік шариғи

дәлелдері болғандықтан,

«тек қана менікі дұрыс»

деу – мұсылмандар арасында бүлік шығарып, өзара

қырқысуға әкеліп соғады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Кімде кім ижтиһад

етудіңнәтижесінде ақиқаттыдөпбасса, онда оған

екі сауапберіледі. Алқателессе, бір сауапберіледі»

15

,

– деп ижтиһад етуге лайық адамдардың берген

пәтуларында кем дегенде бір сауаптың бар екендігін

сүйіншілеген. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

15

Сахихул-Бұхари, 6-том, 2676-бет.

«Дару ибни Кәсир»

баспасы, Бәйрут,

1987 ж.