Previous Page  23 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 60 Next Page
Page Background

q

q

23

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

бұл хадисінен

«менікі ғана дұрыс, сен адасудасың»

деген бүлікке себеп болар түсініктің де қате екенін

ұғамыз.

Сахабалардыңда, оданкейінкелген табиғиндардың

да арасында діннің кейбір мәселелерінде әртүрлі

көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, Әбу Са-

ъид әл-Худри мынандай қызық оқиғаны риуаят

етеді:

«Бір күні екі кісі сапарға шықты. Жолда на-

маз уақыты кірді. Бірақ әлгі екі кісі дәрет алатын

су таба алмады. Сөйтіп, екеуі де таза топыраққа

тәйәммүм соғып, намаздарын оқиды. Алайда оқыған

намаздарының уақыты шықпай тұрып, су табылып

қалады. Осы жағдайдан кейін әлгі екі сахабаның

біреуі уақыт шықпай тұрып су табылғандықтан,

тәйәммүммен оқыған намазының дұрыс болмағанын

ойлап, дәрет алып, намазын қайта оқиды. Ал екіншісі

тәйәммүммен оқыған намазым жеткілікті деген ни-

етпен намазды қайта оқымайды. Осыдан кейін екеуі

Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, бас-тарынан өткен

жағдайды баяндайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) нама-

зын қайта оқымаған адамға: «Сен, менің сүннетімді

дөп бастың, оқыған намазың жарамды дейді. Ал

қайталап оқыған сахабасына: «Саған екі сауап жа-

зылды», – дейді»

16

.

Жоғарыдағы

оқиғадан

байқағанымыздай,

Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазын қайталап оқыған

адамға

«сен, қателестің»

демейді. Керісінше,

«саған

екі сауап жазылды»

деп, ижтиһад нәтижесінде

қателескенболсадакейжағдайдаАлланыңрақымымен

екі сауап жазылатындығын сүйіншілеген.

Имам әл-Бухари өзінің хадис жинағында Абдулла

ибн Омардан мынандай оқиғаны риуаят етеді:

«Алла

16

Сунану Әби Дәәуід, 1-том, 93-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы.