q
q
29
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
мұсылмандардың қара шаңырағы. Сондықтан
ел бірлігін сақтап, түрлі бүлікке жол бермеу
үшін жеріміздегі барша мұсылмандар Қазақстан
мұсылмандары
діни
басқармасының
берген
пәтуаларын негізге алғаны жөн.
Тарихта мұсылмандардың әлсіреулері, басқаларға
жем болулары тек араларындағы ынтымақтың
құлдырауынан болған. Испания, Құдыс, Вена, Бұхара
секілді мұсылман орталықтары да осындай себептер-
ден құлаған. Македониялық Ескендір Иран мен Ирак-
ты басып алғаннан кейін екі өлкенің халқын тегіс
қырып тастағысы келеді. Алайда ұстазы Аристотель
оған:
«Бұлай істеме, екі халықты жоқ етудің тиімді
тәсілі – араларына бүлік кіргізіп, бір-біріне айдап
салу»
деген екен. Шынымен-ақ, екі елдің арасына
іріткі салу арқылы екі мемлекет те қатты әлсіреген
көрінеді
20
.
Міне, сондықтан енді-енді ғана тәй-тәй басып,
мұсылмандық шарттарын жаңадан үйреніп жүрген
аз ғана халқымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік
пен ынтымақ қажет.
Сөз түйіні, ғибадатта негізгі мәселе, сыртқы фор-
ма емес, құлшылық болғандықтан, уақытымызды
қолыңды алай байла, бұлай байла сияқты ұсақ-түйек
нәрселерге кетірмей, тақуалыққа, көркем мінезді
болуға, Жаратқанды көріп тұрғандай, кәміл сеніммен
ғибадатжасауға,халқымыздыңиманынасебепболуға,
жалпыеліміздіңнегізгі мұқтажнәрселерінежұмсасақ,
қандай жақсы. Бәлкім, кейбір мұсылмандардың
маңызды мәселелерін тастап, нәтижесінде ешқандай
20
Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 13-бет.
«Елест»
баспасы,
Стамбул, 2004 ж.