Previous Page  35 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 60 Next Page
Page Background

q

q

35

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

болуы мүмкін. Ал жанындағы адамдардың ғана

естуін

«Құран оқығандай дауыстап айтты»

деп

түсінбеуіміз керек. Себебі, кейде іштей күбірлеп

айтылғанды жанында тұрғандар да естуі мүмкін.

«Дуррул-мухтар»

атты кітапта былай делінген:

«Егер бір адам яки екі адам естісе, бұл жария

айтқанға жатпайды»

27

.

Яғни, Пайғамбарымыздың

«әмин»

деуін кейбір адамдар естіген болса, бұл

пайғамбарымыздың дауыстап жария айтқандығын

білдірмейді. Пайғамбарымыздың барлық адамдар

еститіндей дауыстап айтты яки жоғарыда Насруд-

дин Әлбани келтіргендей сахабалар бірге дауыстап

«әмин»

деп айтты деген бір де бір сахих хадис жоқ.

Ал Әбу Дәуіттегі Әбу һурайрадан риуаят етілген:

عن أبي هريرة قال ترك الناس التأمين وكان رسول الله صلى الله

عليه وسلم إذا قال (غير المغضوب عليهم ول الضالين) قال

آمين حتى يسمعها أهل الصف الأول فيرتج بها المسجد.

«Халық «әмин» деп айтуды қойып кетті,

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «ғайрил-мағдуби алайһим

уәладдаллин» деген кезде «әмин» дейтін. Мұны

бірінші қатардағылар еститін де, мешіт

жаңғырып кететін»

деген риуаятқа келер болсақ,

Насруддин Әлбани бұған да

«әлсіз»

деп баға берген

28

.

Сондықтан бұл да дәлел бола алмайды.

2. Пайғамбарыздың

«әминді»

алғашқы кездері

халықты

«әмин»

деп айтуға үйрету үшін жария ай-

туы ықтимал. Хазірет Омардың кейде үйрету үшін

«субханакә»

дұғасын, Әбу Һурайраның

«ағузу билла-

27

Мухаддис Зафар Ахмад, И’лаус-сунан, 2-том, 247-бет.

28

Мухаммад Насруддин Әлбани, Сахих уә дағиф Ибн Мәжа.