q
q
41
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
тарауих намазының жиырма рәкаттан тұратынын әрі
көпшілік ғұламалардың осы көзқараста екенін, тіпті
ислам үмбетінің батысы да, шығысы да осыны іс
жүзінде ұстанатынын білдірген.
Шафиғи мәзһабының атақты ғалымы Имам ән-
Нәуауий:
«Мәзһабымызда тарауих намазы жиыр-
ма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан
кейін сәлем беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруи-
ха» (аздап үзіліс беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар.
Бір тәруиха – екі рәкат сайын сәлем берілетін төрт
рәкаттан тұрады. Міне, бұл біздің мәзһабымыздың
көзқарасы. Бұл көзқарасты Әбу Ханифа мен оның
ізбасарлары
32
, Ахмед ибн Ханбал, Әбу Дәәуід және
басқа да ғалымдар ұстанады...»
33
деп, Шафиғи
мәзһабында тарауихтың жиырма рәкат екенін
айтқан.
Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама:
«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған
көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиыр-
ма рәкат. Бұл көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа,
Шафиғи да ұстанады»
деп, Ханбали мәзһабында да
тарауихтың жиырма рәкат екенін білдірген.
Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб
бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман
үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық.
Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері
мынандай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан
тарауихтың рәкат санының жиырма екенін яки
сегіз екенін білдірген ешбір сахих хадис жоқ. Енде-
ше, бұл жерде сахабалардың іс жүзінде тарауих на-
32
Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид шәкірттерін
меңзеп тұр.
33
Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 38-бет.
«Дәрул-
фикр»
, Бәйрут, 1997 ж.