Previous Page  47 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 60 Next Page
Page Background

q

q

47

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

ибн Шуъбадан риуаят етілген хадисті түйіндер

болсақ:

Біріншіден, хадис – Муслим ибн Хажжаж

41

сияқты

көптеген мәшһүр хадис ғалымдарының пікірінше,

«әлсіз»

.

Екіншіден, хадисті дәлел ретінде қабылдағанның

өзінде онда айтылған шұлық жұқа емес, қалың

шұлық. Тіпті хадисті

«хасан-сахих»

деп бағалаған әт-

Тирмизидің өзі осылай түсінген.

Үшіншіден, Әбул-Уәлид ән-Нәйсабури сынды

кейбір ғұламалар хадисте айтылған

«екі шұлығына

және аяқ киіміне мәсіх тартты»

дегенді шұлығына

жеке, аяқ киіміне жеке мәсіх тартты деп емес,

«та-

баны терімен қапталған шұлыққа»

мәсіх тартты деп

түсінген.

Төртіншіден, хадисте тек шұлыққа ғана мәсіх

тартты делінбеген, шұлықпен бірге тәпішкесіне

(аяқ киімнің тобықтан төмен жеңіл түрі) де мәсіх

тартты делінген. Осының өзі аталмыш хадистің тек

шұлыққа мәсіх тартудың дұрыстығына дәлел бола

алмайтынын білдіреді.

Ендеше, Құранда

«аяқтарыңды жуыңдар»

деп

әмір етілген дәреттің төрт парызының бірі саналатын

«аяқ жууды»

– хадис ілімінің көптеген ғалымдары

«әлсіз»

санаған, тіпті, дәлел ретінде қабылдағанның

өзінде әртүрлі түсінуге әрі жорамалдауға болатын

күмәнді хадиспен айырбастауға болмайды. Төрт

мәзһаб ғұламаларының ешқайсысы

«жұқа шұлыққа

мәсіх тартуға болады»

- деп пәтуа бермеген. Яғни,

бұл мәселеде ғұламалар арасында

«ижмағ»

бар.

41

Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет.

«Мәктабату Дарил-Бәз»

баспасы, Мекке, 1994 ж.