Previous Page  43 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 60 Next Page
Page Background

q

q

43

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

лай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың бәрін

бір имамның артына жинап, тарауих намазын күнде

мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған әрі рәкат са-

нын жиырма рәкат еткізген. Омардың (р.а.) бұл ісіне

яғни тарауихтың күнде мешітте жамағатпен жиырма

рәкат ретінде оқытылуына ешбір сахабаның қарсы

шықпағандығы, олардың бұл мәселеге байланысты

пайғамбарымыздың берген қандай да бір үкімін

білгендіктерінде. Омардың (р.а.) қолға алған ісіне

қолдау көрсетуі сахабалардың ислам заңдарының

негізі бойынша «ижмағ» болып есептеледі. Ал ижмағ

Құран, Сүннет секілді шариғатымыздың негізгі

дәлелдеріне жатады.

Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың

(с.а.у) Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы

мен үтірді оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың

рәкат санына байланысты келген бұл риуаят әлсіз

болғанымен сахабалардың фиғли ижмағымен

(барлық сахабалардың тарауихты іс жүзінде жиыр-

ма рәкат оқуымен болған ижмағ) қуаттанып отыр.

Айша анамыздың

«Алла елшісі (с.а.у) рамазанның

түндерінде мол намаз оқитын еді»

делінген ри-

уаяты мен сахабалардың және көпшілік мәзһаб

ғұламаларыныңтарауихтыжиырмарәкатоқығандығы

жоғарыдағы Ибн Аббастан риуаят етілген хадистің

дұрыс екендігіне қуатты дәлел.

Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін

ұстанатындардың дәлеліне келер болсақ:

Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі

Айша анамыздың:

«Алла елшісі (с.а.у) рамазан ай-

ында және одан басқа айларда да он бір рәкаттан

артық намаз оқымайтын еді»

деген риуаяты. Бұл

риуаятты Айша анамыздан жеткен:

«Рамазан айы