q
42
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
мазын қалай оқығандығы негізгі дәлел болуға тиіс.
Олай дейтініміз, барша сахабалардың іс жүзінде
тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты белгілі
бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат
емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты
Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір
үкімін біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар
белгілі бір санды ойдан шығаруы мүмкін емес. Та-
рауих намазы Омардың (р.а.) заманынан бастап,
жамағатпен жиырма рәкат етіп оқытыла бастаған.
Язид ибн Руман:
«Омардың (р.а.) заманында
мұсылмандар тарауихты (үтірді қосқанда) жиыр-
ма үш рәкат етіп оқитын»
деген. Абдур-Рахман
ибну Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның бір
түнінде мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде
намаз оқуда. Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып
жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып
жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.):
«Адамдардың бәрін
бір қаридың артына жинаған дұрыс-ау»
, – деді де,
Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына
ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.)
бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып
тұр. Мұны көрген Омар (р.а.):
«Бұл қандай жақсы
бидғат,» – деді»
34
дегенін жеткізді.
Пайғамбарымыздың
(с.а.у)
заманында
мұсылмандар рамазанның әр түнінде жамағат
болып, тарауих намазын мешітте оқымайтын.
Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы кезде бірнеше күн
тарауиқ намазын мешітте оқыса да, кейіннен мешітте
оқымаған әрі тарауих үшін мешітке жамағатты
жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманында да со-
34
Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут,
1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату Дарил-
Баз, Мекке, 1994 ж.