Previous Page  45 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 60 Next Page
Page Background

q

q

45

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

бұл хадисті

«әлсіз»

деген. әт-Тирмизидің хадис

жинағына

«Тухфатул-ахуази»

атты кең түсіндірме

жазған Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим

да жоғарыдағы хадисті және пайғамбарымыз (с.а.у.)

шұлыққа мәсіх тартты деген басқа үш хадистің де

түгелдей

«әлсіз»

екенін білдірген. Негізінде Муғира

ибн Шуъбадан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шұлыққа

емес, мәсіге мәсіх тартқандығы дұрыс жолмен риу-

аят етілген

35

. Имам ән-Нәуауий жоғарыдағы хадис

жайлы былай дейді:

«Бұл хадис – әлсіз. Көптеген

Хафыз ғалымдар әлсіз деген. әл-Бәйһақи бұл хадисті

«мүнкәр» дей отырып Суфиян әс-Сәури, Абдур-

Рахман ибн Мәһди және Ахмад ибн Ханбал, Али ибн

әл-Мәдини, Иахия ибн Мағин, Муслим ибн Хажжаж

секілді мәшһүр хадис ғалымдарының да «әлсіз» деп

бағалағанын жеткізді

36

. Әт-Тирмизи бұл хадисті

«хасан-сахих» деп бағалағанымен жоғарыда аты

аталған хадис ғалымдарының деңгейі одан жоғары

деп есептеледі. Тіпті ілім иелерінің келісілген пікірі

бойынша бұл ғалымдардың қай-қайсысы да әт-

Тирмизиден (хадис ілімінде) жоғары. Екіншіден,

хадисті «сахих» деп қабылдағанның өзінде басқа

қайшы дәлелдермен үйлестіріп дұрыс түсіну үшін

онда айтылған «шұлықты» (аяқ киімсіз) жүруге

жарайтын шұлық деп жорамалдау қажет.

Себебі, хадисте жалпылай шұлықтың барлық

35

Муслим ибн Хажжаж, Сахих Муслим, 1-том, 229-бет.

«Дәру Ихиа’ит-

турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.

36

Мәғрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 1-том, 349-бет.

«Дәрул-

кутубил-илмия»

баспасы, Бәйрут.