Previous Page  50 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 60 Next Page
Page Background

q

50

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Шәмсуддин ибн Қудама

«әш-Шархул-кәбир»

(кең

түсіндірме) атты кітабында:

«...Егер өздігінен

(байлаусыз) аяқта тік тұратын әрі жүруге жа-

райтын (шұлық) болса, оған мәсіх тартуға бо-

лады. Ал жұқа болса болмайды»

48

– деп Ханбали

ғалымдарының

«шұлыққа мәсіх тартуға болады»

деген пәтуаларындағы шұлықтың жұқа емес, жүруге

жарамды қалың әрі мықты шұлық екенін айқындап

түсіндірген.

Ибн Тәймия да шұлыққа мәсіх тарту мәселесінде

ханбали мәзһабынан шықпаған. Сондықтан ол да

аяқ киімсіз жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа

мәсіх тартуды дұрыс санамаған. Ибн Тәймия өзінің

«Мәжмуъатул-фәтәәуа»

атты пәтуалар жинағында

«мәсіге мәсіх тартқанымыздай шұлыққа да мәсіх

тартуға бола ма?»

– деген сұраққа:

«Иә, табаны

терімен қапталса да, қапталмаса да егер жүруге

жарамды болса, болады...»

49

-деп жауап берген. Ал

шұлықтың жүруге жарамды болуы үшін қалың әрі

мықты болу керектігі айтпаса да түсінікті.

Жоғарыда төрт мәзһаб ғұламалары пәтуаларынан

байқағанымыздай, мәсіх тартуға болатын шұлық – аяқ

киімсіз жүруге жарайтындай мықты, су өткізбейтіндей

әрі асты көрінбейтіндей тығыз және қалың, жуылуы

парыз болған, яғни, аяқтың тобыққа дейінгі жерін

жауып тұруы шарт. Тіпті, Мәлики мәзһабы бойынша

табаны терімен қапталған болуы қажет.

Мәзһаб ғұламалары мәсіх тартуға жарайтын

шұлықта болуы тиіс бұл шарттарды қайдан алған де-

ген сұраққа әт-Тирмизи жинағына

«Тухфатул-ахуази»

атты кең түсіндірме жазған фиқһ әрі хадис саласының

48

әш-Шархул-кәбир, 1-том, 281-бет.

49

Ибн Тәймия, Мәжмуғату фәтаауаа, 11-том, 123-бет.

«мәктабатул-

ъабикан»

баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.