Previous Page  56 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 60 Next Page
Page Background

q

56

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

«Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.): Бізден бір кісі

өзінің бауырымен яки досымен ұшырасқанда оған

(сәлем берген кезде) иіле ме? – деді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.): «Жоқ», – деді. Ал оны құшақтап,

(бетінен) сүйеді ме? – деп тағы да сұрақ қойды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жоқ», – деді. Ал қолын

алып амандаса ма?-деді. Пайғамбарымыз: «Иә», –

деп жауап берді

59

.

Бұл хадис

«иіліп сәлем салудың»

ширк екендігін

яки харамдығын білдірмейді. Олай дейтініміз,

біріншіден, бұл хадис сахих емес. Хадистің дұрыстық

дәрежесіне байланысты ғұламалар әртүрлі пікір

білдірген. Хадис ғалымдары әт-Тирмизи бұл хадисті

келтіргеннен кейін оған

«хасан»

деп баға берсе,

Ахмад ибн Ханбал

«әлсіз»

деген. Хадисті риуаят

етушілердің арасында Ханзала ибн Убайдуллаһ

деген кісі бар. Ал ол кісі

«әлсіздердің»

қатарына

жатады

60

.

Екіншіден, хадисті дәлел ретінде қабылдағанның

өзінде хадистегі

«Иіле ме?»

деген сауалға

Пайғамбарымыздың

«жоқ»

деген жауабын үзілді-

кесілді қатаң тыйым ретінде емес,

«қажет емес»

деген мағынада да түсінуге болады. Оған дәлеліміз,

егер

«иіліп сәлем беру»

ширк, яки анық харам

болғанда, пайғамбарымыз

«жоқ»

деп қана жауап

бермей басқа қатаң тыйымды білдіретін сөздерімен

ескертуін жасар еді. Бұған қоса, хадистегі «

Оны

құшақтап (бетінен) сүйеді ме»

деген сауалға да

59

Сунанут-Тирмизи, 2728-ші номерлі хадис, 5-том, 75-бет.

«Дәрул-

ихиайтурасил-араби

» баспасы. Және қараңыз: Тухфатул-әхуази Шарх

жамиғут-тирмизи, 2728-ші номерлі хадис, 2-том, 2063-бет.

«Байтул-

афкарид-даулия»

баспасы.

60

Абдуррахман ибн Әбу Хатим Мұхаммед ибн Идрис, Әл-Жарх уәт-

тағдил, 3-том, 240-бет.

«Дәрул-ихиайтурасил-араби»

, Бәйрут.