Previous Page  59 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 60 Next Page
Page Background

Ескеру үшін

үзінді келтіре кетейік:

«...Кейде үкімдер ниетке қарай

бағаланады. Сондықтан халыққа деген алғысын

білдіріп, кішіпейілділік ниетімен иіліп сәлем берудің

еш оқасы жоқ. Бірақ қатты иілмеген де жөн...».

Иә, Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың

жоғарыда келтірген пәтуасын негізге ала отырып,

келіндердің үлкендерге инабаттылық әрі құрмет

көрсету мақсатында иіліп сәлем берулерінің еш

ағаттығы жоқ деген үкімді анықтауға болады. Бірақ

намаздағы (ерлердің жасайтын) рүкүғ деңгейінде

болмағаны абзал. Ал егер

«сәлем салу»

ғибадат ету,

табыну мақсатында болса, онда харам әрі ширк

екендігінде шүбә жоқ.

Сөз түйіні, құрмет ниетімен сәлем салу исламда

харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды.

Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес.

Қазақ келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем

салмайтыны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан

бері ислам дінін жетік білген ғұламалардың көз

алдында жалғасын тауып келе жатқан бұл әдетті

ширкке балап, елдің шырқын бұзу – әсте дұрыс

емес.

Тағы бір қаперге алатын жайт, келіннің ата-енесі

мен сол әулеттің үлкендеріне құрмет көрсетіп, ізет

білдіруі – тек қана сәлем салумен өлшенбейді. Оның

жеке басының имандылығы мен бойындағы басқа

да адамгершілік қасиеттерін басты назарда ұстаған

жөн.