Previous Page  49 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 60 Next Page
Page Background

q

q

49

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Шафиғи мәзһабы бойынша:

Шафиғи мәзһабында асты көрінбейтіндей қалың,

су өткізбейтіндей тығыз және жүруге жарайтын-

дай мықты болмаған, тіпті, кейбір пәтуалар бойын-

ша терімен қапталмаған шұлыққа да мәсіх тартуға

болмайды. Имам ән-Нәуауий былай дейді:

«Біздің

мәзһабымыз (Шафиғи) бойынша дұрысы – егер

шұлық жүруге жарайтындай мықты болса, онда

оған мәсіх тартуға болады. Әйтпесе, жоқ... Ал (аяқ

киімсіз) жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа мәсіх

тартуға болмайтыны даусыз»

46

.

Ханбали мәзһабы бойынша:

Ханбали ғалымдары табаны терімен қапталмаған

шұлыққа мәсіх тартуға болатындығын айтқан. Бірақ

ол шұлық – жұқа шұлық емес, аяқ киімсіз жүруге

жарайтын қалың әрі мықты шұлық. Кейбір адамдар

ханбали ғалымдарының шұлыққа

«мәсіх тартуға

болады»

деген сөзін дұрыс түсінбегендіктен жүруге

жарамайтын жұқа шұлыққа да мәсіх тартуды дұрыс

санап жүр.

Алайда көрнекті ғалым Абдуллаһ ибн Ахмад ибн

Қудама

«әл-Муғни»

атты кітабында Имам Ахмадтың:

«Аяқта өздігінен мәсі тәрізді тік тұратындай қалың

емес байпаққа мәсіх тартуға болмайды. Ал кейбір

адамдардың шұлыққа мәсіх тартуының астарында

– ол шұлықтардың мәсі тәрізді (аяқ киімсіз) жүріп

тұруға жарайтындай болуынан»

деп мәсіх тартуға

болатын шұлықтың жұқа емес, қалың шұлық екенін

айқындап айтқан сөзін жеткізді

47

.

Бұған қоса, Ханбали мәзһабының белді ғалымы

46

Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 564-бет.

«Дәрул-

фикр»,

Бәйрут, 1997 ж.

47

Абдуллаһ ибн Ахмад ибн әл-Қудама, әл-Муғни, 1-том, 182-бет.

«Дәрул-

фикр»

баспасы, Бәйрут, 1985 ж.