Previous Page  48 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 60 Next Page
Page Background

q

48

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Төрт мәзһаб ғұламалары шұлыққа мәсіх

тартуға байланысты не дейді?

Ханафи мәзһабы бойынша:

Ханафи мәзһабының атақты ғалымы Имам әл-

Кәсанидің

«Бәдаиъус-санайъ»

атты кітабында

былай делінеді:

«Мұхаммед пен Әбу Юсуф

42

бой-

ынша жүруге жарайтындай

43

мықты, астын

көрсетпейтіндей қалың және суды өткізбейтіндей

тығыз, аяққа кигенде байламай-ақ өздігінен тік

тұратын шұлыққа немесе үсті және табаны

терімен қапталған мәсі тәріздес шұлыққа, яки,

тек табаны терімен қапталған шұлыққа мәсіх

тартуға болады. Ал, Әбу Ханифа бойынша тек та-

баны терімен қапталған немесе табаны да үсті де

терімен қапталған мәсі тәріздес шұлыққа ғана мәсіх

тартуға болады. Бірақ басқа бір риуаятта Әбу

Ханифаның науқас кезінде бұл ойынан Мұхаммед пен

Әбу Юсуфтың көзқарасына қайтып, қалың шұлыққа

мәсіх тартқандығы айтылады»

44

.

Мәлики мәзһабы бойынша:

Мәлики мәзһабында жұқа шұлықты былай

қойғанда, терімен қапталмаған қалың шұлыққа да

мәсіх тартуға болмайды. Яғни, Мәлики мәзһабында

табаны терімен қапталғаншұлыққа ғана мәсіх тартуға

болады

45

.

42

Әбу Ханифаның ең үлкен мүжтаһид шәкірттері. Ханафи мәзһабында

осы екі кісінің пікірлері мен пәтулары көп жағдайда ескеріледі, тіпті

негізге алынады.

43

Ханафи мәзһабында ұзақ жол мөлшерін 1 фарсах деп көрсеткен.

1 фарсах – 5565 метр.

44

Алауд-дин Әби Бәкір ибн Мәсъууд әл-Кәсаний, Бәдайъус-санаайъ,

1-том, 141-бет.

«Дарул-кутубил-илмия»

баспасы. Бәйрут, 1997 ж.

45

Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби, әл-Кәфи, 1-том, 27-бет.

«Дәрул-кутубил-ъилмия»

баспасы, Бәйрут, 1982 ж. Және қараңыз; Әбу

Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби, әл-Истизкәәр, 1-том, 222-бет.

«Дәрул-кутубил-ъилмия»

баспасы, Бәйрут, 2000 ж.