Previous Page  51 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 60 Next Page
Page Background

q

q

51

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

білгір ғалымы Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдир-

Рахим әл-Мубәракфури былай дейді:

«Дәрет алуда негізгі нәрсе – Құранда келгендей

екі аяқтың жуылуы. Ал, Құран үкімін «мәсіге мәсіх

тартуғаболатындығынбілдіріп»келгенхадис сияқты

барлық хадис ғалымдарының бірауыздан «сахих» деп

бағалаған хадистерімен ғана айырбастауға бола-

ды. Ал енді шұлыққа мәсіх тартуға болатындығын

білдіретін (жоғарыдағы) хадистің сахихтығына

(дұрыстығына) байланысты бұл саланың маман-

дары арасында сынға толы түрлі пікір бар. Ендеше,

қалайша ғана (аяқтарыңды жуыңдар деген) Құран

бұйрығын мұндай әлсіз хадиспен айырбастауға бо-

лады? Осыны меңзеген Муслим

50

: «Әбу Қайс, Һузәйл

(«шұлыққа мәсіх тартты» деген жоғарыдағы

хадисті риуаят еткен кісілер) сияқты кісілердің

риуаятын негізге алып Құранның заһири үкімінен

(аяқты жуудан) басқа үкімге (шұлыққа мәсіх

тартуға) баруға болмайды» дейді

51

.

Міне, сондықтан ғұламалар мәсіх тартуға жа-

райтын шұлықтың мәсі орнына жүруі әрі мәсіге

байланысты хадистердің аясына кіруі үшін

жоғарыдағы шарттарды қосқан...»

52

.

Жоғарыдағы Мухаммед Абдур-Рахман ибн

Абдир-Рахим әл-Мубәракфуридің сөзін тарқатып

түсіндірер болсақ, төрт мәзһаб ғұламалары бой-

ынша жоғарыдағы хадис Құранның парыз еткен

«аяқты жуу»

үкімінің орнына жүретіндей қуатта

50

«Сахих Муслимді»

жинақтаған әл-Бухариден кейінгі беделді хадис

ғалымы Муслим ибн Хажжаж (Һижри, 204-261).

51

Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет.

«Мәктабату Дарил-Бәз»

баспасы, Мекке, 1994 ж.

52

Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим әл-Мубәракфури, Тухфатул-

әхуази Шарху жамиъит-тирмизи, 1-том, 401-бет,

«Байтул-афкарид-

даулия»

баспасы.