Previous Page  52 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 60 Next Page
Page Background

q

52

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

болмағандықтан жұқа шұлыққа мәсіх тартуға

болмайтындығын бірауыздан білдірген. Ал мәсіге

мәсіх тартуды білдіріп келген хадистер өте көп әрі

бірауыздан хадис ғалымдары бойынша

«сахих»

болғандықтан қажет кезде

«аяқты жуудың»

ор-

нына жүре береді. «Ал су өткізбейтіндей әрі асты

көрінбейтіндей қалың әрі тығыз және аяқ киімсіз

жүруге жарайтындай мықты шұлыққа мәсіх тартуға

рұқсат берулерінің астарында мұндай сипаттағы

шұлықтың мәсіге ұқсатылуында (қияс қылынуында).

Яғни, шұлықтың мәсі орнына жүруі үшін, шұлықта

мәсідегі суды өткізбеу әрі жүруге жарамдылық

секілді ерекшеліктер болуға тиіс. Міне, сондықтан

ғұламалар мәсіх тартылатын шұлықта жоғарыдағы

шарттардың болуын талап еткен.

Бір ескеретін жайт, тоғызға жуық сахабаның

шұлыққа мәсіх тартқандықтарына байланысты кел-

ген риуаяттарды

«жұқа шұлыққа мәсіх тартуға»

дәлел ретінде келтіруге болмайды. Себебі, саха-

балар жұқа шұлыққа емес, аяқтарын жылы ұстау

мақсатында киген қалың шұлықтарына мәсіх

тартқан. Әбу Мәсғуд әл-Ансаридің (р.а.) қылдан

тоқылған қалың шұлығына мәсіх тартқандығы са-

хих жолмен риуаят етілген

53

.

Ендеше, қазіргі жұқа шұлықтар, тіпті қолдан

тоқылған кейбір байпақтар пайғамбарымыздың

(с.а.у.) заманындағы шұлыққа ұқсамағандықтан,

оған мәсіх тартуға болмайды. Мәсіх тартуға жарай-

тын шұлықта болуы тиіс шарттар әһлус-сунна уәл-

жәмаъа ғалымдарының

«ижмаъына»

(бірауыздан

53

Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һумам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-

Раззақ, 1-том, 199-бет.

«Әл-мәктәбул-ислами»

баспасы, Бәйрут, 1977

ж. Қосымша қараңыз: Мұхаммед Шамсул-Хақ әл-азим Әәбаади,

Ъаунул-маъбууд,

«Дарул-кутубил-ъилмия»

баспасы, Бәйрут, 1995 ж.