Previous Page  55 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 60 Next Page
Page Background

q

q

55

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Бірде ауылда беташар тойы өтті. Бірақ жаңа

түскен келін: «Беташар кезінде үлкендерге сәлем

салмаймын. Өйткені ол ең үлкен күнә – «ширкке»

яғни, Аллаға серік қосуға жатады» деп байбалам

салды. Жиылған жұрт түкке түсінбей, «Сонда,

ғасырларбойыисламдыұстанғаната-бабаларымыз,

оның ішінде қанша ғалым-ғұламалардың «үлкен

күнәні» білуге өресі жетпей, сендердің білімдерің

жеткен екен ғой» деп қарсылық білдірді.

Келіннің

үлкендерге

«сәлем

салу»

үрдісінің Жаратқанға серік қосуға жатып-

жатпайтындығын нақты шариғи дәлелдермен

айқындап берсеңіз?

Иіліп сәлемдесуге ешбір көрнекті ислам ғалымы

«ширк»

деп үкім шығармаған. Пайғамбарымыздың

(с.а.у.)

«Иіліп сәлем бермеңдер, олай істеу – Алла

Тағалаға серік қосуға жатады, яки, тозақта

азапталасыңдар»

деген тәрізді иіліп сәлем беруді

қатты ескертіп келген сахихты былай қойғанда,

әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ. Иіліп сәлем беруге

байланысты әт-Тирмизидің хадис жинағында Әнас

ибн Мәликтен риуаят етілген мынандай бір ғана

хадис бар.

عن أَنَسِ بن مَالِكٍ قال قال رَجُلٌ يا رَسُولَ الله الرّجُلُ مِنّا يَلقَى أَخَاهُ

أو صَدِيقَهُ أَيَنحَنِي له قال لَ قال أَفَيَلتَزِمُهُ وَيُقَبِّلُهُ قال لَ قال أَفَيَأخُذُ

بيده وَيُصَافِحُهُ قال نعم