Previous Page  57 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 60 Next Page
Page Background

q

q

57

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Пайғамбарымыз

«жоқ»

деп қана жа-уап берген.

Ал енді хадистегі

«Иіле ме?»

деген сұраққа

пайғамбарымыздың

«жоқ»

деген жауабын негізге

алып,

«иіліп сәлем беруді»

ширкке яки харамға

шығарар болсақ, онда құшақтап амандасу мен беттен

сүюді де ширкке яки харамға шығаруға тура келеді.

Себебі, Пайғамбарымыз

«Оны құшақтап (бетінен)

сүйеді ме?»

деген сауалға да

«жоқ»

деп жауап

берген. Алайда құшақтап амандасуды ешбір ғалым

ширк яки харам демеген. Керісінше пайғамбарымыз

бен ардақты сахабалардың сапардан келген кісіні

тұрып қарсы алып, құшақтап амандасқандықтары

жайлы:

«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабалары

бір-бірімен кездескенде қол алысып амандасатын.

Ал сапардан оралған кезде бір-бірімен құшақтасып

амандасатын»

делінген сахих риуаяттар бар

61

. Олай

болса, пайғамбарымыздың

«жоқ»

деген жауабын

негізге алып, иіліп сәлем берудің Жаратқанға серік

қосуға яғи харамға шығарылмайтындығы анық.

Яғни, екі сұрақтың да жауабы бірдей болғандықтан

үкімдері де бірдей яки ұсқас болуға тиіс.

Үшіншіден, хадисте

«иілудің»

нақты мөлшері

көрсетілмеген. Бәлкім, хадисте айтылған

«иілу»

намаздағы ерлердің рүкуғ деңгейіндегі иілу болуы

да мүмкін. Сондықтан рүкуғ деңгейіне жетпейтін

иілудің үкіміне мүлдем өзгеше қарауға да болады.

Қазіргі таңда адамдар бір-бірімен амандасқанда,

61

әл-Муғжамул-әусат лит-Табарани, 1-том, 37-бет. «

Дарул-харамайн»

баспасы, Каир, 1415 ж. Бұл хадисті хафиз әл-Хайсами

«сахих»

деп

бағалады. (әл-Мәжмаъуз-зәуайд уә мәнбаъул-фауайд, 8-том, 36-бет,

«Дарул-раййан лит-турас», «Дәрул-Куттаб»

баспасы, Бәйрут, Каир,

1407ж.)