Previous Page  44 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 60 Next Page
Page Background

q

44

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

кірісімен, Алла елшісінің (с.а.у) түрі өзгеретін әрі

намаз көп оқып, Жаратқанға қатты жалбары-

нушы еді», «Алла елшісі (с.а.у) басқа уақыттарда

көрсетпеген қажыр-қайраты мен ыждаһатын

рамазан айының соңғы он күнінде көрсететін еді»

деген хадистермен топтастырып қараған уақытта

«Алла елшісі (с.а.у) Рамазан айында және одан

басқа айларда да он бір рәкаттан артық на-

маз оқымайтын еді»

деген жоғарыда келтірілген

риуаяттың тарауих намазы емес, түнгі тәһәжжүд на-

мазына қатысты екенін байқаймыз. Он бір рәкаттың

сегіз рәкатының – тәһәжжүд, ал қалған үш рәкатын

Алла елшісінің (с.а.у)

«Соңғы оқыған намаздарың

үтір намазы болсын»

дегенін ескере отырып, үтір

намазы деп түсінген жөн.

Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

Бүгінгі таңда кейбір жастар дәреттің төрт

парызының бірі саналатын «аяқты жууға» жеңіл

қарап, жаз болсын, қыс болсын жұқа шұлыққа мәсіх

тарта салуды әдетке айналдырып, тіпті өзгелерді де

осыған уағыздап жүр. Дәлел ретінде Муғира ибн

Шуъбадан риуаят етілген:َ

ِعَن المُغِيرَةِ بنِ شُعبَةَ قَالَ تَوَضّأَ النّبِيّ صَلّى الله عَلَيهِ وَسَلّم

وَ مَسَحَ عَلَى الجَورَبَينِ وَالنّعلَين

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алды және екі

шұлығына және аяқ киіміне

(наъл – аяқ киімнің

тәбішкесекілдітобықтантөменкелетінжеңілтүрі)

мәсіх тартты»

деген хадисті келтіреді. Алайда бұл

хадис көптеген хадис ғалымдары бойынша

«сахих»

емес. Әбу Дәуід, ән-Нәсаий секілді хадис ғалымдары