Previous Page  39 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 60 Next Page
Page Background

q

q

39

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

дис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Және

бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның

риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бу-

хари мен Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы

да Ахмадтың

«Муснадында»

келген. Ханафи

ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда

қол көтерілетіндігіне байланысты басқа сахих

хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге

алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы

ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да

ең үлкені еді. Ол Пайғамбарымыздың жанынан үнемі

шықпайтын, сондай-ақ, қолды рүкүғқа бара жатқанда

және қайтқанда көтерілетіндігіне байланысты сахих

хадисті риуаят еткен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі

іс жүзінде намазда бір-ақ рет қол көтергендігі са-

хих жолмен жеткен. Ендеше, ханафи мәзһабындағы

хадисті жеткізген адамның хадисін емес, ісін негізге

алу ережесі бойынша да қолдар алғашқы тәкбірде

ғана көтеріледі.

Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих

намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес,

Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз

рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді

ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда

отырған намаз оқитындардың арасында

осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді.

Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ

әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат

тұрғысынан талдап берсеңіз?

Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей

күндері мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір

сахих хадисте тарауих намазының нақты рәкат

саны айтылмаған. Омардың (р.а.) заманында отыз