q
40
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
күн оразада тарауих намазын мешітте жамағатпен
оқу бір жүйеге келтіріліп, жиырма рәкат оқылды.
Сол күннен бүгінге дейін мұсылман үмбетінің
шығысы мен батысы, яғни күллі ислам әлемі оны
жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт мәзһабта
да тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики
мәзһабында жиырма рәкат деген негізгі үкімнің
жанында отыз алты рәкат деген де көзқарас бар.
Ғалым ән-Нафрауи тарауих намазының рәкат са-
нына байланысты келтірген көпшілік ғұламаның
дәйектерінің қуатты екенін әрі Мәлики мәзһабын
ұстанатындардың да бұған қосылатындығын айтады.
Мәлики мәзһабының көрнекті ғалымы әд-Дардир:
«Тарауих намазы құптан намазынан кейін жиыр-
ма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан
кейін сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір пара
Құранды жиырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-
аяқ бұл айда бір рет хатым ету – мұстахаб»
деген.
Ибн Хажар Һәйтами мәлики мәзһабындағы Тарауих
намазының отыз алты рәкат болуының негізін былай
деп түсіндіреді:
«Мекке халқы тарауихтың әрбір
төрт рәкатынан кейін қағбаны тауап жасайтын
еді. Мәдинадағы мұсылмандар тауап жасай алмай-
тын болғандықтан, оның орнына қосымша он алты
рәкат намаз оқыған...».
Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жи-
ырма рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Са-
рахси:
«Тарауих намазы – үтірді қоспағанда жи-
ырма рәкат»
десе, Кәсани:
«Тарауих намазының
мөлшері – он сәлемнен тұратын жиырма рәкат,
бес таруиха. Бір таруиха екі сәлемнен тұрады.
Намаздың рәкатына байланысты бұл көзқарас жал-
пы ғұламалардың таңдауы»
деген. Ибн Абидин де