q
32
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
тілеңдер!»
22
делінеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«
Іштей тілек – жария жетпіс тілекке тең»
дегенін де ескерер болсақ,
«әмин»
дұғасын іштей айту
абзал. Намаздағы
«субхана раббиял-ағла», «субхана
раббиял-азим», «субханака», «әт-тәхият»
секілді
басқа барлық дұғалардың іштей айтылатындығы
«әминнің»
құпия айтылуына тағы бір дәлел.
3. Әмин дұғасы
«әғузу билләһи»
дұғасынан артық
емес. Өйткені
«Нахл»
сүресінде Құран оқыған кез-
де міндетті түрде
«әғузуді»
айту керектігі:
«Құран
оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаға
сыйын»
23
деп бұйырылған.
«Әғузу»
дұғасы осы
ерекшелігіне қарамастан намазда құпия айтылады.
Сондықтан әминнің де құпия айтылуы абзал. Себебі,
«әмин»
Құранның сөзі емес.
4. Бұған қоса, бізге жеткен ешбір хадисте
пайғамбарымыздың (с.а.у.)
«әминді дауыстап
айтыңдар»
деп кесіп айтқан бұйрығыжоқ. Керісінше,
«имамуәләддаллин деген кезде «әмин» деп айтыңдар»
делінген. АлБухарижәнеМуслимдегі
«Имамәмин де-
ген кезде сендер де әмин деңдер»
деген хадиске келер
болсақ, бұлхадис те«әминніңжарияайтылуынанақты
дәлел емес. Себебі, бұл хадистегі «
имам әмин деген
кезде»
тіркесін Ханафи және Мәлики ғұламалары
және басқа да Хафиз Ибн Хажар секілді хадис
ғұламалары:
«Имам «әмин» дейтін жерге келгенде
яки «әмин» деп айтайын деген кезде»
деп түсінген.
«Әмин»
сөзін имам мен жамағаттың бір сәтте айтуы
үшін осылай түсінілуі қажет. Бұлай болмағанда, имам
«әмин»
деп қойғаннан кейін ғана жамағат
«әмин»
дей
алады. Оған дәлел басқа бір хадисте
«имам тәкбір
22
«Ағраф»
сүресі, 55-аят.
23
«Нахл»
сүресі, 98-аят.