Previous Page  28 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 60 Next Page
Page Background

q

28

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

енді намаздарын оқып үйреніп жүргендердің ойын

сан-саққа жүгіртпеу үшін халқымыздың үйреншікті

мәзһабын насихаттауымыз қажет.

Иә, шетелден келген келімсек миссионерлерлер

руханиятқа аш, адал халқымыздыалай да арбап, бұлай

да арбап, қаракөз қандастарымыздың иманына қол

сұғып жатқан мына заманда мұндай тар түсінікке жол

болсын!Жаһанданудыңжалынымен,жастарымыздың

батысқа ес-түссіз еліктеп жатқан осынау сұрапыл

заманда біз нені күйттеп жүрміз? Отбасы құрып,

шаңырақ көтерген жастарымыздың үштен бірі бір

жылға жетпей ажырасып тынуда. Нәтижесінде, жесір

қалған жас келіншектер. Жетім қалған бесіктегі

сәбилер. Еңсесі түскен еркектер. Арасы бұзылған

құдалар. Жылына екі жүз мыңға жуық сәби ресми

түрде қолдан түсік жасаудың құрбаны болып отыр.

Ал оның ресми емес жағы бұл саннан әлдеқайда көп

екені тағы рас. Мұның бәрі халықтың шариғаттан

шалыс кетіп, ғұрпымыздан қалыс кеткендігінің улы

«жемісі». Ал енді қоғамымызда осындай проблема-

лар тұрғанда, бұлардың бәрін бір жаққа жинасты-

рып қойып, әлгіндей ұсақ мәселелерді дау-дамайға

айналдырып, қоғамның шырқын бұзған адамның

ақылы мен парасатына күмәнім бар. Мұның мысалы,

Меккеге қажылыққа барған Ханафи мәзһабындағы

бір мұсылманның қажылық міндеттерінің бәрін бір

жаққа жинастырып қойып, намазда

«әминді»

жария

айтатын басқа мәзһабтағыларға,

«сендердің бұларың

дұрыс емес, әминді іштен айту керек»

деп өзінше

дәлелдеуге тырысып, бос әурешілікке түсіп жүрген

өресі төмен сауатсыз адамнан да жаман.

Құранда

бірнеше

жерде

«басшыларыңа

бағыныңдар»

делінеді. Қазақстан мұсылмандары

діни

басқармасы

отанымыздағы

барша