

q
26
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
бұзылмайды.
Міне,
ғұламалардың
арасындағы
әртүрлі
көзқарас пен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне деген
сыйластықтарына сызат түсірмейтін.
Христиандар мен еврейлер екеуі екі бөлек халық,
діндері де екі бөлек. Ғасырлар бойы бір-бірімен
шайқасып, қырқысып келген. Бірақ осындай діндері
де, ұлттары да екі бөлек бір-бірімен ғасырлар бойы
соғысып келген екі халық мұсылмандарға қарсы
күресте тарихтарындағы соғыстарын, бір-біріне
деген ыза-кектерін ұмытып, бірігіп ынтымақтаса
білді. Ал енді мұсылмандардың болмайтын тармақ
мәселелерінде қызылкеңірдек болып, бір-бірін
ренжітіп, бүлік шығаруларына не демекпіз. Барлық
мұсылмандардың Жаратушылары – бір, Құрандары
– бір, Пайғамбарлары – бір, сүнннеттері – бір, намаз-
дары – бір, ораза-зекеттері – бір, Қағба-құбылалары
– бір, тіпті, дұшпандары да – бір, осындай ортақ
мәселелері бола тұра
«намазда қолыңды Хана-
фи мәзһабы бойынша емес, біздікі сияқты байла,
құныт дұғасын олай емес, бұлай оқы»
деу сияқты
түймедей мәселелерді түйедей етіп,
«менің таңдаған
көзқарасыммен жүрмедің»
деп жүрегін ыза мен кек-
ке бұқтыруы қандай ағаттық десеңізші!
Өз басым
«Намазда «Фатихадан» кейін, әминді
іштей айту дұрыс емес, жария айту керек»,
«Намазда қолды бір-ақ рет емес, рүкуғқа бара
жатқанда және қайтқан кезде де көтеру керек»
деп
намазын енді-енді оқып жүрген діни сауаты төмен
жандардың басын қатырып, қоғамда бүлік шығарып
жүрген адамдарға қатты налимын. Себебі, мұндай
адамдардың көтеріп жүрген бұл мәселелері ислам
дінінің негізгі мәселелері емес. Бұған қоса Ханафи
мәзһабы бұл үкімдерді түс көріп түсінген жоқ. Қиялға