Previous Page  21 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 60 Next Page
Page Background

q

q

21

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

пікір бар. Ханафилар парыз емес дейді. Себебі, аят-

та қолданылған «және» деген мағынаны білдіретін

«уау» әрпі белгілі бір ретті білдірмейді. Яғни,

«жүздеріңді және қолдарыңды жуыңдар және

бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды

жуыңдар»

делінген аталмыш аяттағы «және» сөзі

белгілі бір ретті білдірмейді. Мысалы,

«Мұхаммед

және Ахмед келді»

десек, олардың қайсысының

бұрын келгендігі «және» сөзімен білдірілмейді де-

ген уәж айтады. Ал шафиғиларда ағзаларды жуу-

да ретті сақтау – парыз. Өйткені Алла Тағала аятта

қолдарыңды, жүздеріңді жуыңдар дегеннен кейін

аяқтарыңды жуыңдар деп үш жууды бірге қосып айт-

пай, арасына мәсіх тартуды кіргізген. Егер ретпен жуу

парыз болмағанда, әуелі жүздеріңді, қолдарыңды,

аяқтарыңды жуыңдар, сосын мәсіх тартыңдар деп

мәсіх тартуды соңына қалдырар еді дейді. Ханафи-

лар:

«Үш жуудың ортасына мәсіх тартудың кіруі

реттіктің парыздығын білдіру үшін емес, керісінше,

қол мен жүзге бас жақын болғандықтан, аяқтан

бұрын басқа мәсіх тарту айтылған»

деген қарсы

уәж айтады. Бірақ ханафи мәзһабында ретпен жуу

парыз болмағанымен, сүннет амалға жатады. Енді,

осы мәселеде екі түрлі көзқарастың болуы мұсылман

үмбеті үшін рақымдылық. Мысалы, дәрет алуда

ағзалардың рет бойынша жуылуын парыз санайтын

Шафиғи мәзһабын ұстайтын бір адам қоғамдық қол

жуғышта аяқ жууды тыйым салатын бір мекеме-

де жүргенде дәретін Ханафи мәзһабы бойынша алу

арқылы бұл қиыншылықтан шығуына болады. Яғни,

Ханафи мәзһабында ағзаларды реті бойынша жуу

парыз болмағандықтан, ең әуелі дәретханада аяғын

жуып, сосын қоғамдық қол жуғышта қолы мен бетін

жуып, басына мәсіх тарту арқылы дәретін тәмамдаса