

q
18
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
сақтығынан. Яки сол хадиске қайшы басқа бір са-
хих хадисті негізге алғандығынан. Немесе ол са-
хих хадисті басқа бір қырынан түсінгендігінен деп
білуіміз қажет. Ал енді белгілі бір мәселеге байланы-
сты кейбір сахих хадистер Әбу Ханифаға жетпеуі де
мүмкін ғой деген уәжгежиырма бір томдық
«Иълааус-
сунан»
атты мәшһүр кітаптың авторы Зафар Ахмад
әл-Ъусмани әт-Таһанауи былай деп жауап береді:
«Ханафи мәзһабы дегеніміз – Әбу Ханифаның берген
пәтуалары мен пікірлерінің жиынтығы ғана емес, Әбу
Ханифаның пәтуа шығаруда қолданған негізгі ереже-
лер бойынша ғасырлар бойы мүжтаһид ғалымдардың
шығарған пәтуларының жиынтығы екені сөзсіз.
Белгілі бір мәселеге байланысты амал етілуге тиісті
риуаят етілген сахих хадис Әбу Ханифаға жетпе-
ген күннің өзінде Мұхаммед, Әбу Юсуф, Зуфар ибн
Һузайл, ибнМүбәрак секілді шәкірттері хадис ілімінің
жазылған шағына үлгерді. Одан кейінгі уақыттарда
Ханафи мәзһабын ұстанған әт-Тахауи, әл-Кархи, «әл-
Кафидің» авторы әл-Хаким, Абдул-Бақи ибн Қаниъ,
әл-Мустағфири, ибнуш-Шарқи, әз-Зайлаъи секілді
басқа да хадис ілімінің білгірлері мен сыншылары
хадис ғылымының кемелденіп, нақтыланған зама-
нында өмір сүрген. Сондықтан, олар хадистердің са-
хихы мен әлсізіне, мәшһүрі мен ахадына көз жеткізді.
Міне, сондықтан Әбу Ханифаның сахих хадистерге
қайшы қияс жолымен берген барлық пәтуаларын
Мұхаммед, Әбу Юсуф, Зуфар, әл-Хасан секілді
шәкірттері тәрк қылды. Тіпті, бұлар Әбу Ханифаның
берген пәтуларының жартысында басқаша пікір
білдірген. Міне, сондықтан Ханафи мәзһабы Әбу Ха-
нифа мен қоса осы кісілердің берген пәтуаларының
жиынтығы болмақ. Тіпті, ханафи мәзһабын ұстанған
кейінгі хадис ілімінің білгірлері кейбір мәселеде