

q
q
17
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
стер арасында қайшылық туған жағдайда, қай са-
хих хадистің жеткізушілері фиқһта тереңірек болса,
солардың риуаяты негізге алынады.
Төртінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің негізге алы-
нуы үшін оның күнделікті өмірде жиі қайталанатын
әрбір мұсылманның білуі тиіс мәселелерге байла-
нысты болмауы керек. Мысалы,
«Пайғамбарымыз
(с.а.у.) намазда «Фатиха» сүресін оқыған уақытта
«бисмилланы» да дауыстап оқитын»
деген ха-
дис бойынша Ханафи мәзһабында амал етілмейді.
Себебі, намазда оқылған қырағат әрбір мұсылманның
күнделікті намазда естіп, білетін мәселесі. Егер
Пайғамбарымыз (с.а.у.) шынымен-ақ
«бисмилланы»
дауыстап оқығанда, онда бұл хадис ахад жолмен
емес, барлық сахабалар еститін болғандықтан, му-
тауатир жолымен жететін еді. Мутауатир жолымен
жетпегендігіне қарағанда, бұл хадис негізге алына-
тындай сахих емес
12
.
Бұлмысалғанамазда
«әминді»
жарияайтумәселесін
де кіргізуге болады. Яғни, Пайғамбарымыз (с.а.у.)
бен сахабалары
«әминді»
үнемі жария айтқанда,
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әминді жария айт-
ты»
деген хадисі ахад жолмен емес, мутауатир жол-
мен жетер еді.
Жоғарыда келтірілген шарттарда түсіндірілгендей,
Ханафи мәзһабында әрбір сахих хадис дәлелге жат-
пайды. Ендеше, Әбу Ханифаның кейбір мәселелерде
сахих хадис-ке қайшы әрекет етуі, сол хадисті
білмегендігінен емес, керісінше, ахад жолмен ри-
уаят етілген сахих хадистерді қабылдаудағы аса
12
Зәкиюд-Дин
Шаъбан,
Усулул-фиқһил-ислами
(Ислам
Һукук
илминин есаслары, 88-89 бет. Түркие дианет вакфы иаиынлары, 2006ж.
ауд: Ибраһим Кафи Дөнмез).