Previous Page  14 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 60 Next Page
Page Background

q

14

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

луы үшін оны жеткізген кісі өзі риуаят еткен хадиске

қайшы амал етпеуі қажет. Мысалы, сахих хадисті ри-

уаят еткен сахаба егер өзі жеткізген хадиске қарама-

қайшы әрекет етер болса, ондай жағдайда Ханафи

мәзһабы бойынша оның жеткізген хадисі емес, ама-

лы негізге алынады. Себебі, хадисті жеткізушінің өзі

жеткізген хадис бойынша емес, басқаша амал етуі –

ол хадистің үкімінің мәнсұх болғандығынан болуы

әбден ықтимал. Олай болмағанда, жеткізушінің өзі

риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі –

хадистің сахих болуы үшін қосылған жеткізушінің

бойында болуы тиіс «әділет» шартына қайшы

болғандықтан, хадис сахихтығын жоғалтады. Мыса-

лы, Ханафи мәзһабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

Әбу Һурайрадан риуаят етілген

«Ыдыстарыңызды

ит жаласа, онда оның тазалығы ыдысты жеті

рет жуу әрі біріншісін топырақпен ысқылау

арқылы жүзеге асады»

10

деген хадисі бойынша амал

етілмейді. Себебі, хадисті жеткізген Әбу Һурайраның

өзі іс жүзінде ит жалаған ыдысын үш рет жуғандығы

жайлы дәйекті риуаят бар. Ендеше, Әбу Һурайраның

өзі риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі

– Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл мәселеге байланы-

сты кейіннен айтқан басқа бір хадисін білгендігінен

туындауы ықтимал. Яғни, Әбу Һурайра өзі риуаят ет-

кен хадис үкімінің мәнсұх болғандығы үшін басқаша

амал жасаған. Сондықтан сөзі емес, ісі негізге алы-

нады.

Үшінші шарт:

Сахих хадис дәлел ретінде қабылдануы үшін

хадисті риуаят еткен кісі егер фақиһ, яғни шариғи

мағыналарды терең түсінетін әрі ижтиһадымен

10

Сахих Муслим, 1-том, 234-бет,

«Дәру Ихиа’ит-турасил-араби»

баспасы,

Бәйрут.