q
q
11
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
барлық хадистерді жинады. Пайғамбарымыздан
(с.а.у.) қандай нәрсе алынса да, ақырына дейін
зерттейтін»
, – десе, Әл-Бухаридің рауилерінен Ха-
сан ибн Салих:
«Әбу Ханифа насих пен мәнсұхты
өте жақсы зерттеген, әрі куфалықтардың ара-
сында хадистерді ең жақсы меңгерген, сондай-ақ,
көпшілік жамағаттың ұйыған нәрселерін берік
ұстанатын және өлкесіне жеткен барлық хади-
стер мен әсәрлардыжаттайтын адам еді»
8
, – деп
Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы ерекше орнын
айтқан.
Ал енді оның кейбір сахих хадистермен амал
етпеуіне келер болсақ, ханафи мәзһабында әр сахих
хадис дәлелге жатпайды. Яғни, сахих хадистердің өзі
арнайы шарттар арқылы ғана дәлелге саналады. Осы
шарттардың кейбіреуін бірер мысал бере отырып
түсіндірмес бұрын мына терминдерге түсінік бере
кетейік:
Сахих хадис – «әділет (тақуалық пен адамгершілік
қасиеттер) және дабт (жақсы есте сақтау мен терең
түсінік) сипаттарына ие кісілердің үзілмеген шежіре
бойынша риуаят еткен және шәзз бен міндерден аман
хадистері;
Мутауатир хадис – әдейі немесе білместіктен
жалған ақпаратта бірігулері мүмкін емес бір үлкен
жамағаттың, екінші бір сондай жамағатқа риуаят ет-
кен хабары;
Ахад хадис – мутауатир хадисте талап етілген
көлемге жетпейтін аз ғана кісілердің риуаят еткен
хабары.
8
Исмайл Хаккы Унал, Имам Әбу Ханифенің хадис анлайышы ве ханафи
мезһебинин хадис методы, 56-57 бет.
«Дианет ишлери башканлыгы
иайынлары»,
Анкара, 1994 ж.