q
8
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
мәзһабтасың»,
– дегенімде ойға қалды.
Ижтиһад жасауға ғылыми деңгейі жетпейтін
бұқара халық егер де тарихта өзін дәлелдеген һәм
ұстанымдарын Құран мен сүннетке негіздеген Хана-
фи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали секілді мәзһабтармен
жүрмесе, онда жалпы қоғамда анархия, бейберекеттік
белең алады. Әр адам Құранды өзінше шала түсініп,
нәпсілерінің қалауына қарай жорамалдай бастай-
ды. Үкім шығаруда белгілі бір тәсіл мен ереже-
қағидаларды ұстанбағандықтан, өздері де адасады,
өзгені де шатастырады. Мұндай жағдайда қоғамда
төрт мәзһаб емес, сансыз қате «мәзһабтар» дүниеге
келеді.
Қазіргі таңда мәзһабсыздықтың туын көтеріп,
сойылын соғып жүргендер, шын мәнінде, халықты
өздерінің түсінген шала діни ұғымына, яки өздері
жақтап жүрген басқа бір адамның жолына –
«мәзһабына» шақыруда.
Сахих хадистер тұрғанда мәзһабтарға
қандай қажеттілік бар?
«Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай
хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі.
Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ»
дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Олай дейтініміз:
Біріншіден, фиқһта тек қана сахих хадистермен
емес, кейде әлсіз хадиспен де амал етіледі. Мыса-
лы,
«әлсіз»
делінген хадис басқа жолдармен риуа-
ят етілсе,
«Хасан ли ғайриһи»
, яғни басқа жолмен
«жақсы»
дәрежесіне көтеріледі. Ал мұндай хади-
спен амал етуге әбден болады. Мысалы, Омар ибн
Хаттабтан риуаят етілген хадисте былай делінеді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолдарын дұға ету