Previous Page  7 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 60 Next Page
Page Background

q

q

7

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

бос әурешілік.

Мәзһаб ұстанбаймын деген адам хадистердің

сахихтығы мен әлсіздігін өз біліміне сүйеніп біліп

отырған жоқ. Хадис ғалымдарының хадистер-

ге берген анықтауына жүгініп отыр. Ал хадистің

сахихтығы мен әлсіздігін анықтау – әр хадис

ғалымының хадистерді қабылдаудағы шарттары

мен талаптарына, зеректігі мен ыждақаттылығына

қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан, кейде біреуінің

сахих дегенін екінші бірі қабылдамауы мүмкін. Әр

хадисті өзі жеке зерттеп, оларды риуаят еткен хадис

тізбектеріндегі мыңдаған адамның өмірбаянын жеке-

жеке тексеріп, сараламаған қатардағы адам – хадис

ғалымдарының сахих дегеніне – сахих, әлсіз дегеніне

– әлсіз деп хадистерге берген үкімдерін айна-қатесіз

қабылдайды. Бұл дегеніміз

хадис ілімінде белгілі

бір мәзһаб ұстанып отыр деген сөз. Ал енді фиқһта

белгілі бір мәзһаб ұстауға қажеттілік жоқ деген адам

хадистің сахихтығы мен әлсіздігін анықтауда да

мәзһаб ұстанбауы тиіс. Ал ұстанады екен, онда фиқһ

мәселелеріндегі мәзһаб ұстануға да қарсы шықпауы

керек.

3

Бірде маған бір студент:

«Мен мәзһаб ұстанбай-

мын»

,– деді. Мен оған:

«Жоқ, ұстанасың»

, – дедім.

Ол маған:

«Қалайша?»

– деді. Мен оның кімнің

діни мектебінен сусындап жүргенін сезгендіктен:

«Сен, Насруддин Албанидің мәзһабын ұстанасың

ғой»

,– дедім. Егер менің осы сөзім жаңсақ болса, аты

аталған кісінің жаңылысқан бір жерін айтып берші?

– дедім. «

Сен, соның дұрыс дегенін – дұрыс, бұрыс

дегенін – бұрыс деп айна-қатесіз қабылдайсың. Міне,

сен «мәзһаб ұстанбаймын» дейсің, бірақ іс жүзінде

3

Зафар Ахмад әл-Ъусманиют-Таһауани, Қауағиду Ъилмил-хадис, 466-

457-бет.

«Дарус-Салам»

баспасы, Каир қаласы, 2000 ж.