Previous Page  4 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 60 Next Page
Page Background

q

4

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

Мысалы, басқа мәсіх тартуды әмір еткен «Маида»

сүресінің 6-аятында:

«Ей, иман еткендер! Намазға

тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа

дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып,

аяқтарыңды екі тобыққа дейін жуыңдар»,

делінген. Бұл аятта басқа мәсіх тартудың көлемі

нақты белгіленбегендіктен, шафиғиларда бастың

кішкентай бөлігіне мәсіх ету, тіпті, су себу жеткілікті.

Ал ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен біріне

мәсіх ету парыз болса, малики және ханбалиларда ба-

сты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің ұстанған

көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтіргендіктен,

бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген пәтуаларын

аятта қолданылған

«бастарыңды»

деген мағынаны

білдіретін

«руусикум»

сөзінің алдына қосылып

жазылған «

»ب

яғни, «би» әрпінен шығаруда. Араб

тілінде «би» әрпі әр түрлі мағынада келеді, айталық:

1.

«әз-Заайда»

– өзіндік ешқандай мағынасы жоқ,

тек өзінен кейінгі сөзді көркемдеу үшін келеді.

2.

«Лит-табъид»

«кейбір»

деген мағынаны

білдіреді.

3.

«Лил-илтисақ»

«тигізу,жанастыру, бітістіру»

деген мағыналарды білдіреді.

Имам Ахмед пен Имам Малик:

«Бұл жердегі

«би» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген (заай-

да) яғни жеке тұрғанда мағынасы жоқ артық әріп

болғандықтан, бастың барлық жерін мәсіх ету ке-

рек»

дейді.

Ал имам Шафиғи, бұл жердегі «би» әрпі

«кейбір»

деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, қолдың

бастың кейбір жеріне, тіпті бірнеше тал шашқа тиюі

мәсіх ету болып саналады деп пәтуа берген.

Ал Әбу Ханифа болса, бұл жерде «би» әрпі

«тигізу, жабыстыру, жанастыру»

мағынасында