q
12
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
Ханафи мәзһабында сахих хадистердің қабылдану
шарттарының кейбірі мынандай:
Бірінші шарт:
«Ахад»
жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге са-
налуы үшін ондай хадистің Құранның және мутауа-
тир хадистердің жалпылықты білдіретін үкімдеріне
қайшы келмеуі керек. Яғни,
«ахад»
жолмен жеткен
сахих хадис – Құранның, яки, басқа «мутауатир» са-
хих хадистердің білдірген үкімдерінің жалпылығын
(ъамм) кейбір жағдайларға байланысты жалқылай
(тахсис) алмайды.
Мысалы, Құранда:
«Сөзсіз намаз мүміндерге
арнайы белгіленген уақыттарда (оқылуы) парыз
етілді»
9
, – деп, әрбір намаздың жеке уақытының бар
екендігі білдірілген. Сондай-ақ, көптеген мутауатир
сахих хадистерде де әр намаздың жеке уақытының
бар екендігі әрі әрқайсысының белгіленген өз
уақытында оқылуы керектігі жайлы айтылған. Яғни,
Құранда да, мутауатир хадистерде де әр намаздың
жеке уақытының бар екендігі білдірілген. Ал енді осы
үкімнің жалпылығын, яғни әр намаздың жеке уақытта
оқылуының парыздығын жолаушылық секілді кейбір
жағдайларға байланысты өзгерту үшін өте қуатты
дәлел керек. Дәлел ретінде қолданылатын хадистің
тек қана сахих болуы жеткіліксіз. Себебі, ахад жол-
мен жеткен сахих хадис
«занни»
болғандықтан өте аз
болса да шүбә бар. Ал мутауатирде тозаңдай күмән
жоқ. Сондықтан, мутауатир жолмен бекітілген жал-
пы үкімді ахад жолмен жеткен хадистер арқылы
өзгертуге болмайды. Міне, сондықтан Ханафи
мәзһабында сапар кезінде екі намазды қосып оқуға
рұқсат етілмейді. Себебі, сапар кезінде намаздарды
9
«Ниса»
сүресі, 103-бет.