q
10
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
«Құранда:
«Не айтқандарыңды білмейтіндей мас
күйінде намазға жақындамаңдар...»
6
деген аят бар.
Бұл аяттың Алладан келгендігене күмән жоқ. Ал енді
осы аятты көре сала, амал етесің бе? Яғни,
«Мас
болмайтындай деңгейде арақ ішуге боладыма?»
, –
десек, ол дереу:
«Жоқ»
бұл аятпен амал етуге болмай-
ды. Себебі, бұл аяттың үкімі тоқтап, мәнсұх болған.
Құранның араққа байланысты кейіннен түскен басқа
да аяттарын саралап барып, үкім шығару керек. Яғни,
мәселеге бүтіндей қарау қажет. Құранның
«Мәида»
сүресінде:
«...Араққа мүлде жақындамаңдар!»
7
де-
ген кейіннен түскен аяты бар», – деп жауап береді.
Біз оларға «Жауабыңнан Құранның аяттарын көре
сала амал етпейтінің белгілі болды. Бірақ неліктен
сахих хадисті көрсем болды, сонымен амал етемін
деп асығыстық жасайсың. Мыңдаған сахих хадистер
бар. Олардың арасында да көптеген мәнсұх болып,
үкімі жойылған хадистер бар емес пе? Бұған қоса бір
ғана сахих хадистің өзін әртүрлі түсінуге болады
ғой» деген уәж айтылса, мардымды жауап таба алмай
жерге қарайды.
Неліктен
Әбу
Ханифа
кейбір
сахих
хадистермен амал етпеген? Әбу Ханифаның
«сахих хадис көрсеңдер, сол менің мәзһабым»
деген сөзі бар емес пе?
Әуелі, Әбу Ханифа хадис ілімін жете меңгерген
заманының
шоқтығы
биік
ғалымы
екенін
ұмытпауымыз қажет. Бұл жайлы хадис ілімінің
сұлтаны әл-Бухаридің шейхы саналатын Йа-
хия ибн Адам:
«Нұғман (Әбу Ханифа) өлкесіндегі
6
«Ниса»
сүресі, 43-аят.
7
«Маида»
сүресі, 90-аят.