q
6
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
хабаларды көзі көрген табиғиндердің өздері діни
мәселелерде араларындағы білімділерге жүгінген
болса, кейінгі ғасырлардағы адамдардың Әбу Хани-
фа секілді Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-
қисын, фиқһ негіздерін, сахаба пәтуалары мен басқа
да ғұламалардың көзқарастарын, т.б. ислами ілімдерді
жетік біліп, әрбір аятты зерделеп, мыңдаған хадисті
мұқият зерттеген мүжтәһид ғалымдардың шығарған
үкімдерімен жүруге қаншалықты зәру әрі мұқтаж
екені айтпаса да түсінікті. Ал өз бетінше әрекет ет-
кен адамның ақиқаттан адасуы әрі өзгелерді де ша-
тастыруы әбден мүмкін. Бейнебір асау толқынды
теңізге желкені жоқ әлсіз қайықпен шыққан
ақылсыз бейшараға ұқсамақ. Міне, сондықтан, Ха-
нафи мәзһабы исламнан бөлек, Пайғамбар (с.а.у.)
сүннетінен өзгеше жол емес, керісінше, Құран аятта-
рымен хадистерде білдірілген ақиқаттарды анықтап,
үкімдерді халыққа түсіндіруші мектептердің бірі
болмақ.
«Мәзһаб ұстанбаймын»
деген қатардағы адамның
мысалы мынаған ұқсайды: физика ғылымында
ғалымдардың анықтаған тұрақты формулалары бар.
Қарапайым адамдар сол формулаларды қолдана от-
ырып есептерін шығарады.
Ал оны қолданбаймын деп бас тартқандар өздері
сондай формулаларды ойлап табуы ләзім. Ал ол үшін
ондай адам зеректілік пен ыждаһат бойынша өзінің
алдындағы оқымысты ғалымдардан да асып түсіп,
білімі олардан да терең болуы қажет. Олай болмаса,
бұрынғы формулаларды қолданбаймын деуі бекер.
Міне, дәл осы тәрізді мәзһаб ұстанбаймын деген адам
да Имам Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Шафиғи,
Имам Ахмад ибн Ханбал секілді мүжтаһиттік
дәрежеге жетпеген жан болса, мәзһабсыз жүрем деуі