Previous Page  13 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 60 Next Page
Page Background

q

q

13

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

қосып оқудың болатындығын білдірген хадис – сахих

болғанымен, ахад жолымен жеткен. Яғни, мутауатир

емес. Осыған байланысты ханафи ғұламалары сапар

кезінде екі намазды қосып оқудың болатындығын

білдіріп келген сахих хадисті Құран мен мутауатир

хадистердің жалпы үкіміне сай етіп жорамалдаған.

Мысалы, хадистегі бесін мен екінді намаздарының

қосылып оқылуын – бесінді өз уақытының соңғы

сәтінде, ал екінді намазын алғашқы уақытында оқыды

деп жорамал жасаған. Яғни, хадистегі қосып оқу –

сырттай қосып оқуға жатқанымен, шын мәнінде,

қосып оқуға саналмайды деп тұжырым жасаған.

Ханафи мәзһабында қажылық кезінде Арафатта

бесін мен екінді намаздарын, Муздалифада ақшам

мен құптан намаздарын қосып оқу сүннет. Өйткені

пайғамбарымыздың (с.а.у.) Арафатта және Музда-

лифада аталмыш намаздарды қосып оқығандығын

білдіретін хадистер мутауатирге жақын жолмен жет-

кен.

Міне, сондықтан,

«Ханафи мәзһабында неліктен

екі намазды қосып оқуға болмайды? Сахих хадис

тұр ғой. Демек, Әбу Ханифа бұл сахих хадисті

білмеген»

,– деп асығыс үкім беру қате. Себебі, Әбу

Ханифаның мұндай үкімге баруы – сахих хадисті

білмегендігінен емес, керісінше,

«Құран немесе му-

тауатир хадистермен дәлелденген жалпы үкімдерді

ахад хадистермен жалқылауға (тахсис) болмай-

ды»

деген үкім шығарудағы қатаң ұстанымында

жатыр. Яғни, Әбу Ханифа Құран немесе мутауатир

хадистердің білдірген үкімдерін

«занни»

(өте аз да

болса күмәнға ие) дәлелдермен өзгертпеу үшін ахад

хадистерге сахих болса да аса сақтықпен қараған.

Екінші шарт:

Ахад жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге сана-