Previous Page  20 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 60 Next Page
Page Background

q

20

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

кейбір тармақ мәселелерде түрлі үкімдер шығарған.

Ал егер тармақ мәселелерде жаппай бірегейлік

болғанда, мұсылмандар кей жағдайларда қиындыққа

тап болар еді.

Мысалы, жоғарыда да білдіргеніміздей, Ханафи

мәзһабында екі намазды біріктіріп қосып оқу тек

қажылық мезгілінде Арафат пен Муздәлифәда ғана

рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық секілді се-

бептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ

басқа мәзһабтарда сапарда екі намазды қосып оқуға

рұқсат. Осы мүмкіншілікті негізге ала отырып, Хана-

фи мәзһабындағы кісі ұзақ сапар кезінде көпшілікке

арналған көлікте болғандықтан, дәрет алып намазын

уақтылы оқи алмайтындай зәру жағдайға тап болса,

онда басқа мәзһабтарды негізге алып екі намазды

қосып оқып жатса, рақымдылық әрі жеңілдік болмақ.

Сондай-ақ оқу орындарында да намаз уақытының

сабақ кестесімен сәйкес келуінің салдарынан кей на-

маз қаза болып жатады. Мұндай жағдайда да намазды

қаза қылғаннан гөрі бесін мен екінді немесе ақшам

мен құптан намаздарын қосып оқуға болады. Бірақ

жеңілдікті желеу етіп ешбір зәру жағдай болмаса да

намаз уақыттарына салғырт қарап екі намазды қосып

оқуға болмайтындығын ескерте кетейік.

Тағы бір мысал бере кетейік. Құранның:

«Ей,

иман келтіргендер! Намазға тұрарда жүздеріңді

және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар.

Бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды

екі тобыққа дейін жуыңдар»

14

– делінген аятында

дәреттің парыздары көрсетілген. Ғұламалар арасын-

да аты аталған ағзаларды реті бойынша жуудың па-

рыз немесе парыз еместігіне байланысты екі түрлі

14

«Маида»

сүресі, 6-аят.