q
q
25
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
Сахабалардың
арасында
Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) миғражға рухымен бе, жоқ әлде, рухы-
мен қоса тәнімен шыққандығы, ол жерде Алла
Тағаланы көріп-көрмеуіне байланысты әртүрлі
көзқарастар бар болатын. Сахабалардың кейбіреуі
намазда
«бисмилланы»
оқыса, енді біреулері оны
оқымайтын. Ал оқитындардың қайсібірі оны жария
айтса, қалғандары іштей оқитын. Бірақ әртүрлі бұл
көзқарастар олардың бірліктері мен ынтымақтарына
зәредей де кері әсерін тигізбейтін. Кейінгі мәзһаб
ғұламалары да бір-бірін қатты сыйлаған. Мысалы,
ханафи ғұламасы әл-Қади Әбу Усам шафиғи ғалымы
Қаффалдың мешітіне барады. Әбу Усамды көрген
Қаффал муәззинге қаматтың Ханафи мәзһабы бой-
ынша түсірілуін тапсырады да, Әбу Усамға имам бо-
луды ұсынады. Әбу Усам намаз оқытады. Бірақ өзі
Ханафи мәзһабын ұстанатындығына да қарамастан,
намазда
«бисмиллаһты»
Шафиғи мәзһабы бойынша
жария оқиды
18
.
Имам Ахмадтың көзқарасы бойынша, мұрын
қанаса немесе денеден қан алдырған жағдайда дәрет
бұзылады Кейбір кісілер Ахмед ибн Ханбалға:
«Сізге
намаз оқытайын деп тұрған адамның денесінен қан
шықса, сөйте тұра ол дәретін қайталап алмаса, он-
дай имамның артына тұрып намаз оқисыз ба?»
деп
сауал қояды. Имам Ахмед болса:
«Имам Малик пен
Саъид ибн Мусаййаб секілді адамдардың артында
тұрып қалай намаз оқымаймын»
,– деп жауап берді
19
.
Имам Малик пен Саъид ибн Мусаййабтің көзқарасы
бойынша, денеден шыққан қанның салдарынан дәрет
18
Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 45-бет
«Елест»
баспасы,
Стамбул, 2004ж. Қосымша қараңыз; Мәурәуи, әл-қаулус-садид.
19
Шәйх Ахмад Шаһ Уәлиуллаһ ибн Абдир-Рахим әд-Дәһлауи,
Хужжатуллаһил-Бәлиға, 1-том, 296-бет.
«Дарул-кутубил-ъилмия»
баспасы, Бәйрут, 1995 ж.