Previous Page  27 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 60 Next Page
Page Background

q

q

27

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

салып, ойдан шығармады. Барлық мәселеге Құран

мен сүннеттен дәлел бар. Олай болса, халықтың

ғасырлар бойы ұстанған мәзһабын жамандап, жаңа

мәзһабты тықпылауға тырысудың жұрттың басын

қатырып, шатастырудан, ел ішіне іріткі салудан өзге

қандай пайдасы бар?! Қырық жыл тынымсыз күрестің

нәтижесінде халыққа әминді жария айтқызып, үтірді

бір рәкат оқытсақ, халқымыздың дүниелік барлық

мәселелер шешіліп, ақыретте бәрі жұмақтық бола

ма? Жоқ, әлде бұл мәселелер қабірде сұралып,

ақыретте есеп беретін маңызды мәселелер ме екен?

Құранның қай аятында, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

қай хадисінде «әминді жария оқымайтындар жұмаққа

кірмейді, қолдарын көтермейтіндер қабірде азап

шегеді» деген жері бар?! Ал, олай болмаса, біз күш-

қуатымызды қайда жұмсаудамыз?! Тәйірі, халықтың

ықылым заманнан үйренген мәзһабын мәнсұқ етіп,

екінші бір жаңа мәзһабты кіргізудің бүлік шығарудан

өзге нендей жемісі бар?

Ханафи мәзһабы біздің кез-келген мәселелерімізді

шешетіндей бай, барша қажеттілігімізді өтейтіндей

қолайлы. Себебі, бұл мәзһаб бүгін шыққан тегі жоқ

жаңа ағым емес. Тарихы бар, сүйенген негізі бар.

Бұл мәзһабпен кезінде бірнеше ислами мемлекет-

тер, оның ішінде, әсіресе, жеті ғасырға жуық уақыт

Осман халифаты басқарылған. Қазіргі таңда да

әлем мұсылмандарының жартысына жуығы осы

мәзһабты ұстанады. Сондықтан Ханафи мәзһабының

сүннеттен дәлелі жоқ, болса да әлсіз деп оған атүсті

қарауға, әсте, болмайды. Біз, бұл жерде басқа сүнни

мәзһабтарды қателесіп, адасып жүр деуден де

аулақпыз. Тек айтпағымыз – еліміздегі мұсылмандар

ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын ұстанғандықтан,

халық арасындағы ауызбіршілікті сақтау, әрі енді