q
q
31
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
деген:
عَن أَبِي هُرَيرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلّى الله عَلَيهِ وَسَلّمَ إِذَا قَالَ
الِْمَامُ { غَيرِ المَغضُوبِ عَلَيهِم وَلَ الضّالِّينَ } فَقُولُوا آمِينَ فَإِنّ
ِالمَلَئِكَةَ تَقُولُ آمِينَ وَإِنّ الِْمَامَ يَقُولُ آمِينَ فَمَن وَافَقَ تَأمِينُهُ تَأمِينَ
المَلَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدّمَ مِن ذَنبِه
«Имам «ғайрилмағдуби ғалайһим уәләддаллин»
деген уақытта сендер де «әмин» деңдер. Себебі,
періштелер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді.
Кім де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин»
деуіне дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі»
.
Хадисті Әбу Һурайра риуаят еткен. Хадистің дәрежесі
сахих.
Ханафи ғалымдары бұл хадистегі
«имам да әмин
дейді»
сөзін негізге алып,
«әминді»
іштей айту сүннет
деген. Себебі,
«әмин»
сөзін егер имам жария айтатын
болғанда Пайғамбарымыздың
«имам да әмин дейді»
деп, имамның да
«әмин»
дейтіндігін жамағатқа
білдіруінің қажеті болмас еді. Яғни, періштелер
мен имамның әмин деуі жамағатқа естілмейтін
болғандықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«себебі,
періштелер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді»
деп олардың да
«әмин»
деп айтатындығын білдіріп
тұр. (Дұрысы Аллаға мәлім).
2. «
Әмин»
сөзі –
«Дұғамызды, тілегімізді қабыл
ал!»
деген мағынаны білдіретін дұға. Cахих Бу-
хари кітабында
«әмин»
сөзіне
«дұға»
деп түсінік
берілген. Ал дұғаның іштен айтылуы абзал. Құранда:
«Раббыларыңа жалбарынып, іштей (құпия)