q
q
33
Мәзһаб ұстану
–
ынтымағымыздың кепілі
алғанда, сендер де тәкбір алыңдар»
делінгендіктен,
имам тәкбір алғаннан кейін барып жамағат тәкбір
алады. Имамның тәкбірінен жамағаттың тәкбірі сәл
кеш айтылатыны мәлім. Жоғарыда келтірген
«Имам
уәләддаллин деген кезде, әмин деңдер»
деген хадис
пен
«Имам әмин деген кезде, әмин деңдер»
деген осы
екі хадистің мағыналарындағы қарама-қайшылықты
болдырмау үшін Ибн Хажар әл-Асқалани осылай жо-
рамалдау керек деген
24
. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
«Имам әмин деген кезде»
деген тіркесін
«Имам
«әмин» деп айтайын деген кезде»
деп түсінуіміздің
тағы мынандай негізі бар. Барлық ғұламалар
Құрандағы:
«Намазға тұрған кезде жүздеріңді және
қолдарыңды шынтақтарыңа дейін жуыңдар. Әрі
бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды жуыңдар»
деген аятындағы
«намазға тұрған кезде»
де-
ген тіркесті
«намазға тұрарда»
деп бірауыздан
түсінген. Себебі, намазға тұрып қойғаннан кейін
дәреттің алынбайтындығы айтпаса да түсінікті.
5. Насруддин Әлбани өзінің
«Тәмәмул-минна фит-
таълиқ ала фиқһус-сунна»
атты кітабында былай
дейді:
«Жамағаттың да имаммен бірге «әминді»
дауыстап айтуы керек дейтіндердің: «Зубайр және
артындағылар әминді айтқанда мешіт жаңғырып
кетті» делінген дәлелдерінен басқа дәйектері
жоқ. Бірақ мұның өзі «әминді» жамағаттың да
дауыстап айтуына дәлел емес. Себебі, бұл хадисті
жеткізушілердің
тізбегі
Пайғамбарымызға
(с.а.у.) жетпей қалған (марфуғ болмаған).
Пайғамбарымыздың дауыстап айтқанына байланы-
сты бірқатар хадистер бар. Бірақ ешбірінде Алла
24
Мухаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 231-бет.