Previous Page  24 / 60 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 60 Next Page
Page Background

q

24

Мәзһаб ұстану

ынтымағымыздың кепілі

елшісі (с.а.у.) Хайбар соғысы аяқталғаннан кейін са-

хабаларына: «Екінді намазын тек Бәни Құрайзаға

барып оқыңдар», – деп бұйырады. Жолда екінді

намазының уақытыкіреді де, кейбір сахабалар намаз-

ды Бәни Құрайзаға барғаннан кейін оқимыз дейді. Ал

енді біреулері: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Екінді

намазын тек Бәни Құрайзаға барып оқыңдар» дегені

– бізге тезірек барыңдар дегені. Сондықтан, біз оқып

аламыз», – деп жолда намаздарын өтейді. Кейін

бұл жағдай Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтылғанда

Пайғамбарыз (с.а.у.) ешкімді кінәламады»

17

.

Иә, Алла елшісі (с.а.у.) ешбір сахабасын

кінәламады. Неліктен? Себебі, екінді намазын

жолда оқымаған сахабалар Пайғамбарымыздың

(с.а.у.)

«Екінді намазын тек Бәни Құрайзаға ба-

рып оқыңдар»

деген бұйрығын тікелей түсінген-ді.

Ал екінді намазын жолда оқығандары болса, Алла

елшісінің сөзінің астары мен мақсатынан

«Бәни

Құрайзаға кешікпей тезірек бару керектігін»

ұққандықтан, солай жасады. Намаздарын жол-

да оқыған сахабалардың ниеті бұйрыққа қарсы

шығу болмағандықтан, Алла расулы (с.а.у.)

олар-

ды кінәламады. Ендеше, мәзһаб ғұламаларының

да кейде бір мәселеде түрлі пікірде болуы –

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінің тікелей

мағынасын алуында немесе сөздің астары мен

мақсатына бойлауында жатқанын түсіну қиын емес.

Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ешкімге кінә

артпаған мұндай себептерге байланысты шыққан

әртүрлі түсінікке ие мәселелерде

«менікі ғана дұрыс,

сен адасып жүрсің»

деп ислам үмбеті арасында бүлік

шығару сүннетке қайшы екені даусыз.

17

Сахихул-Бухари, 1-том, 321-бет. Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж.